$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандықтарға 6 пайыздан аспайтын шағын несие беріледі

Үкімет наурыздың соңына дейін микроқаржы ұйымдарын құру бөлігінде өзгерістер енгізеді.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа берілетін шағын несиенің ставкасы 6 пайыздан аспауға тиіс екенін айтып, «Еңбек» бағдарламасындағы олқылықтарды сөз етті.

Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жылдық ставкасы 6%-дан аспайтын шағын несие беруге қатысты жоба мемлекеттік органдармен келісіліп жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, 2021 жылғы наурыздың айының соңына дейін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына мемлекеттің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен микроқаржы ұйымдарын құру бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар және «Атамекен» ҰКП тұрақты негізде қарыз алушылардың жобаларын сүйемелдеу мен өндірілген өнімді сатуды ұйымдастыруды және тұрғындарға шағын несие беру бойынша микроқаржы ұйымдарына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуі қажет.

Дереккөз: azattyg.ruhy

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары