Мәжіліс депутаты Андрей Линник "экономикалық қылмыстары үшін кәсіпкерлерді түрмеге жаба берудің қажеті жоқ" деп есептейді. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлайды.
Ол қылмыскерді соттағаннан гөрі, ірі айыппұл салу керек немесе шалғай аудандарға жер аудару қажет деп есептейді. Алайда депутат бұл ұсынысымен әріптестерінің еріксіз езуін тартқызды.
Бас прокуратура мен қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына депутаттық сауал жолдаған Линниктің пікірінше, құқық бұзған кәсіпкер айдалған жеріне инвестиция салып, сол елді мекендерді көркейтуі тиіс. Ол үшін қаржы қажет ететін ауылдардың тізімін де жасау маңызды.