$ 494.87  520.65  4.91

Депутат екпе алу науқанының сәтті жүргізілетініне күмән келтірді

Ең сорақысы, елде вакциналауға арналған орындар әлі де дайын емес екен. Сол себепті ресейлік екпе көпшілікке қолжетімсіз.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау жұмысы сәтсіз аяқталуы мүмкін. Мәжілісмендер әдеттегідей шет ауылдағы ағайын шеткері қалады деп уайымдап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

 Депутаттардың пікірінше, Денсаулық сақтау министрлігі шенеуніктерінің бар назары қазір үлкен қалаларға ауып кеткен.

 "Вакцина жетіспеушілігі ең өзекті мәселе болуы мүмкін, әсіресе өңірлерде. Мұны дәлелдейтін бізде деректер бар. Барлық жұмыс ірі қалаларда жүргізіліп жатыр, облыс орталықтары шетінде тұр, ал аудандар мен ауылдық округтерде жағдайды айтпасақ та түсінікті", - деді Мәжіліс депутаты Лариса Павловец.

 Депутат екпе алу науқанының сәтті жүргізілетініне күмән келтірді. Бұған ол қарапайым ұйымдастыру жұмыстарының өзі кедергі келтіруі мүмкін екенін айтады. Лариса Павловецті толғандырған тағы бір сұрақ – вакцинаның жеткізілуі мен сақталуы. «Егер препарат бұзылса, оған кім жауап береді?» - деп, халық қалаулысы бас қатырып отыр. 

Ең сорақысы, елде вакциналауға арналған орындар әлі де дайын емес екен. Сол себепті ресейлік екпе көпшілікке қолжетімсіз. Ал ірі қалаларда есеп бойынша бәрі жақсы. Депутаттар мұндай қарқынмен алыстағы ағайын екпесіз қалады деп есептейді. Сондықтан мәжілісмендер денсаулық сақтау министрінен егжей-тегжей жауап талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары