Жаңалықтар 04.02.2021 сағат 15:00

Елордада жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел іске қосылды

Таңдалған орын қараңғыда үш жарықдиодты проектордың арқасында ерекше көзге түседі.
Елордада жаяу жүргіншілерге арналған проекциялық өткел іске қосылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласында жаяу жүргіншілер өткелін проекциялық жарықтандырудың сынақ жобасы іске қосылды. Учаске жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар тармақтарын орындау аясында таңдалды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандандырылған жарықтандыру Қабанбай батыр даңғылы мен Атасу көшесінің қиылысында орнатылды. Бұл жерде жол қозғалысының ауқымдылығы айтарлықтай байқалады.

Таңдалған орын қараңғыда үш жарықдиодты проектордың арқасында ерекше көзге түседі. Ауа райының кез келген түрінде автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолда ақ-сары жаяу жүргіншілер зебрасын анық көре алады.

«Егер жарықтандырудың бұл түрі өзінің тиімділігі мен сенімділігін көрсетсе, технология қалада авариялық қауіпті болып саналатын жол учаскелерінде қолданысқа енгізілуі қарастырылатын болады», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар