$ 494.87  520.65  4.91

900 млн теңгеге салынған полиция бекеттері бос тұр

Қомақты қаржыға салынған заманауи ғимаратты жергілікті полиция пайдаланып та үлгерген жоқ.
фото: adyrna.kz
фото: adyrna.kz

Атыраудың кіреберісіндегі әрқайсысы 300 млн теңгеден астам қаржыға салынған, 3 полиция бекеті бос тұр. Оны күтіп ұстау жұмыстарын, енді қала әкімдігі сенімгерлік басқаруға беруге тырысуда. 2018-ші жылы ғана салынған екі қабатты нысандардың жылыту қазандығы мен трансформаторы бөлек. Бейнебақылау камерасы да, көлік тұрағы да бар. Алайда аймақ кәсіпкерлері бұл нысандарға қызығар емес, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

"2 рет шығардық. Телефон соғып, хабарласып сұраушылар бар. Екі-үш адам сұрады. Осындай нысан шығыпты, қатысайық,- деп едік деп. Алайда тендерге шығарылған уақытта ешкім қызығушылық танытпай отыр. Сол себепті үшінші рет шығарып отырмыз", - деді Атырау қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің орынбасары Лүлхан Ғалымжанова.

Қызықпаудың да бірнеше себебі бар сияқты. Өйткені шенділер кәсіпкерлерге нысанның барлық шығынын көтеріп қана қоймай, төтенше жағдай бола қалған жағдайда 24 сағат ішінде босатып беруді талап етіп отыр. Оның үстіне ғимараттан көрген жылдық пайдасының белгілі бір бөлігін қала қазынасына беруді міндеттейді. Қомақты қаржыға салынған заманауи ғимаратты жергілікті полиция пайдаланып та үлгерген жоқ. 

ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерін жүзеге асыру жоспары аясында, 2019 жылы бекеттерді жаппай алып тастаған еді. Айта кетейік, бұл бекеттер өткен жазда күшейтілген карантин кезінде блок-бекет ретінде пайдаланылды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары