Алматы облысы, Талдықорған қаласында «вакцинациядан кейін есінен танып қалды» деген медбике видеоүндеу жариялады, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy.
«Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінде медбикемін. Кеше №2 емханаға коронавирусқа қарсы вакцина алуға бардық. Вакцинация алдында уайымдағаннан кейін жүрегім қатты соғып, сол жерде алғашқы көмек көрсетілді. Сосын жағдайым дұрысталып, үйге қайттым. Ал әлеуметтік желідегі «сол жерде талып қалыпты», «жансақтау бөліміне алып кетіпті» деген сипатта тараған ақпараттың бәрі жалған», - деді медбике.
Сондай-ақ видео авторы бүгін жұмыста отырғанын және жағдайы жақсы екенін, 21 күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алуға дайын екенін айтты.
Бұл жағдайға қатысты Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният та пікір білдіріп, медбикенің өзін нашар сезінуі вакцина әсерінен болмағанын айтты.