$ 448.15  483.46  4.86

Қасым-Жомарт Тоқаев ВИДЕОүндеу жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын және ауқымды деректерді талдауды дамыту туралы айтты.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Almaty 2021» форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы.

Бұл туралы Тоқаевың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды. 

Аталған шараға ЕАЭО үкіметтерінің басшылары, Еуразиялық комиссия және ТМД атқару комитетінің жетекшілері, сонымен қатар, цифрландыру саласының сарапшылары мен мамандары қатысып жатыр.

«Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі цифрландыру мәселесі жайындағы ойымен бөлісті. Болашақ – технологиялар мен инновациялардың еншісінде екенін жақсы түсінеміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын және ауқымды деректерді талдауды дамыту туралы айтты. Бұдан бөлек Президент ЕАЭО елдерінің цифрлық ынтымақтастығы бойынша бірқатар өзекті бағыттарды атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары