$ 494.87  520.65  4.91

13 жастағы қызды зорлаған полицей кінәні басқа біреуге жаба салған

Ал облыстық Полиция департаменті сотталған адамның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақтөбе облысындағы Петропавловка ауылында тұратын қыз бала өзін учаскелік полицей зорлағанын айтып, президенттен көмек сұрады, деп хабарлады zakon.kz.

Оның видеосы Qumash Telegram-каналында жарияланған. Қыздың сөзінше, учаскелік полицей оны қызметтік көліктің ішінде күштеп зорлаған. Бірақ зорлық үшін кінәсіз ер адам сотталып кеткен.

"Мені учаскелік полицей зорлағанда 13 жаста едім. Әкем жоқ, шешем ішімдікке салынған еді. Маған заңсыз аборт жасатты. Учаскелік полицей мені кінәсіз адамға қарсы жала жабуға мәжбүрледі. Ол кісі 10 жылға сотталды", - дейді қыз.

Ал облыстық Полиция департаменті сотталған адамның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді.

"2018 жылы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Барлық фактілер мен жасалған сараптамалар сотталған тұлғаның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. Сот күдіктіні 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Қорғаушылар тарапы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді. Алайда апелляциялық инстанция бірінші инстанцияның үкімімен келісті", - деп нақтылады Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары