Жаңалықтар 05.02.2021 сағат 16:20

Джо Байден Навальныйды тез арада бостандыққа шығаруды талап етті

Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысын Ресей заңдарын құрметтеуге шақырған.
Джо Байден Навальныйды тез арада бостандыққа шығаруды талап етті
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресейде қамауда отырған оппозициялық саясаткер Алексей Навальный дереу босатылуы тиіс. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік департамент қызметкерлерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды centralasian.org.

Президент Байден жақында Ресей басшысы Владимир Путинмен телефонмен әңгімелескенін еске салды. Байденнің сөзіне қарағанда, әңгіме барысында ол Ресейдің қызу қимылдарына көз жұма қарап отыратын дәуір аяқталды деп айтқан. Ол Ресейдің президент сайлауына араласуы және кибершабуыл ұйымдастыруын мысал ретінде атаған.

Байден жиналғандарға Мәскеу Америка демократиясына әлі де нұқсан келтіруге бар деген. "Егер одақтастарымызбен бірлесе қимылдасақ, Ресейге тиімдірек төтеп бере аламыз" деді президент.

Ол сонымен бірге Вашингтон халықаралық қауымдастықпен тығыз қарым-қатынасты жандандырғысы келеді деп атап өткен.

4 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефонмен әңгімелесіп, Навальныймен байланысты оқиғаларды да талқылаған. Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысын Ресей заңдарын құрметтеуге шақырған. Бұған қоса, СІМ Мәскеудің Вашингтонмен қатынасты қалыпқа келтіруге әзір екенін жеткізген.

Бұған дейін бір топ демократ және республикашыл сенатор АҚШ конгресіне "Ресейді қастық әрекеті үшін жауапқа тарту туралы" заң жобасын ұсынған. Онда Навальныйды улауға және "Новичок" уын жасағандарға қатысы бар ресми тұлғаларға санкция салу жағы қарастырылған.

Ресей билігі Навальныйдың улануына қатысы жоғын айтады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар