"Отбасы Банк" бөлімшелері сенбі, 6 ақпанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзен қаласында жұмыс істейді. Сенбі күні БЖЗҚ-ға өтінім беруші мерзімінен бұрын алған зейнетақы жинақтары есебінен тұрғын үй қарызын өтей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Отбасы Банк" бөлімшелері 6 ақпанда сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
"Біржолғы зейнетақы төлемін алушының шотына ақша түскенде, 2021 жылғы 5 ақпанға есептелген қарыздарды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл клиенттер артық 1 күнге пайыз төлемеу үшін жасалды. Сондай-ақ, 45 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін аударуға үлгеру үшін алдыңғы күнмен несиені өтеуге мүмкіндік береді", - делінген "Отбасы Банк" хабарламасында.
Сондай-ақ, банк мерзімінен бұрын алынған зейнетақы есебінен қарызды өтеу алгоритмін еске салды: