Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«05.02.2021 ж. сағат 19:45-те Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты (көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа төмендегі автомобиль жолдарында шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.
1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 917-995 шақырымында Жақсы ауылы мен Атбасар қаласының аралағындағы учаскеде.
2. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымында Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаскеде.
3. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 552-540 шақырымында Сұрған мен Бұзылық ауылдарының аралығындағы учаскеде.
4. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымында Жақсы мен Бұзылық ауылдары аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа сағат 20.30-дан бастап шектеу енгізілді.
5. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1114 шақырымында Атбасар қаласы мен Жалтыр станциясы аралығындағы учаскеде.
6. «Көкшетау-Атбасар» автожолының 48-184 шақырымында Атбасар қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.