$ 494.87  520.65  4.91

Оралда жаппай төбелес болды, қайтыс болғандар бар

Оқиға орнынан үш ер адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі кеуде қуысыан, екіншісі білек пен жамбасынан пышақ жарақатын алған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Оралдағы көп қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі жаппай төбелес жас жігіттің өліммен аяқталды, "Мой город" басылымы

Қайғылы оқиға 6 ақпан күні түн ортасында Доспанова көшесіндегі көп қабатты үйдің кіреберісінде болды. Полицейлердің мәліметінше, мас болған күдікті пышақ ұстап, Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынын бірнеше рет ұрған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда бұзақылық пен маскүнемдік үшін бұрын жауапкершілікке тартылған Орал қаласының 27 жастағы тұрғынын "ізін суытпай" ұстады.

Облыстық полиция қызметкерлері төбелес салдарынан зардап шеккендер бар екенін хабарлады, олар облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы жаппай төбелес туралы ақпарат жедел жәрдем станциясының бақылау станциясына сағат 00.17-де түскенін хабарлады.

Оқиға орнынан үш ер адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі кеуде қуысыан, екіншісі білек пен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Үшінші жәбірленушінің көзі химиялық күйген.. Төртінші қатысушы жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қаза болды.

Полицейлер "кісі өлтіру" қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оқиғаның қалған мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары