$ 498.51  522.84  4.81

Навальный тобы «Путин сарайын» америкалық дронмен түсірген

"Путин сарайы" аумағында GPS "бұғаттау" орнатылған-орнатылмағаны белгісіз. Орнатылса, Autel дронының оны қалай айнайлып өткені де түсініксіз.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес тобы (ФБК) түсірген "Путин сарайы" зерттеу фильмі Youtube-те 110 миллионнан астам көрілім жинады. Фильмде бірнеше секундқа жалт еткен тоқсары квадрокоптер көптеген көрерменнің көзіне түсті, деп хабарлады Азаттық радиосы.

"Біз Краснодар өлкесінде, Қара теңіз жағасында, Путиннің танымал сарайынан 3 шақырым жерде тұрмыз. Бұл сарайды дроннан әлі ешкім көрген жоқ. Оны құпия ұстап отыр. Құпиялылығы сондай, оны Федералды күзет қызметі күзетеді", - дейді ФБК мүшесі Георгий Албуров, фильмнің 29-минутында.

Осыдан кейін бірнеше секунд бойы әуеде қалқып жүрген тоқсары түсті квадрокоптер көрсетіледі. Бұл дронды Autel Robotics дейтін шағын америкалық комания өндірген. Бұл дрон туралы түрлі пікір бар. Кейбірі оны кірпіш сияқты ұшады, ұшу кезіндегі бағыттан айниды деп шағымданған.

Autel квадрокоптер нарығындағы ең ірі өндіруші емес. Оның қытайлық бәсекелесі DJI 2020 жылы АҚШ-та сатылған дрондардың 77 пайызын өндірген. Өзге компаниялардың үлесі 4 пайызға да жетпейді.

Фильмде Навальный зерттеу тобының "Путин сарайын" түсіруге төрт рет талпынғанын, тек бір рет қана жолы болғанын айтады. Бұдан сарай аумағына геозона орнатылғанын ұйғаруға болады. Ал DJI дрондары секілді сенім құрылғылары ондай аумақтарға өте алмайды.

Геозона – жерден жоғары бағытталған фантом "қабырға" секілді. Ол шектеулі аумаққа дрондарды өткізбейді. Дрон мұндай аймаққа жақындағанда оның басқару панеліне ескерту келеді. Осыдан кейін дрон шектелген аумақтың шекарасынан өте алмай, қалқып тұрып қалады.

2015 жылы DJI дроны Вашингтондағы Ақ үйдің аумағына өтіп, жерге құлаған. Содан бері үкімет құрылғы өндірушісінен дронға шектеу орнатуды талап етті. Шағын, танымалдығы төмен өндірушілер бұл талапты айналып өте алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары