$ 494.87  520.65  4.91

9-11 ақпан аралығында ауа райы қандай болады?

Тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанға 30 градус аяз келеді. "Қазгидромет" синоптиктері 9-11 ақпанда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты.

Метеорологтардың мәлімдеуінше, осы уақытта Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аудандарынан келетін суық антициклонның ықпалында болады, сондықтан ауа температурасы 23-30 градусқа дейін, елдің шығысында 28-33 градусқа төмендейді.

"Ал батыс өңірлерге Атлантика аудандарынан кезекті циклон әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер 8 ақпандағы ауа райын айтқан. Олардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жаңбырлы және қарлы болады. Тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары