$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтандағы гүлдер дүкенінің ашылуында болған тәртіпсіздікке қатысты ДСМ пікір білдірді

Нысан әкімшілігі мен ұтыс ойынына қатысушыларға қаулы талаптарын орындау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиология бақылау комитеті Мәңгілік ел даңғылындағы гүл сататын дүкеннің жанына қала тұрғындарының көптеп жиналуынан туындаған оқиғаға қатысты жауап берді. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлайды.

"Есіл аудандық әкімдігі мен полиция мамандарынан құралған мониторингтік топ 2000-нан астам адамның қатысуымен өткен іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзу фактісін анықтады. Дүкен ашылу құрметіне ұтыс ойынын өткізген «Үйлестіру орталығының ақпараты (шұғыл хабарлама) негізінде Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, кәсіпкерлік субъектісіне («Giobal ​​Fiowers» ЖШС) Қазақстан Республиканың Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолдану үшін 8 ақпанда кеңсеге келуге шақыру қағазы тапсырылды», – дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Нысан әкімшілігі мен ұтыс ойынына қатысушыларға қаулы талаптарын орындау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сыйлық алуды қалайтын көптеген адам дүкеннің жанына жиналған.

Ұйымдастырушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Шектеу шаралары нақты бұзылғандықтан арада бір сағат өткен соң шара тоқтатылды.  

Еске сала кетейік, кеше блогерлердің қатысуымен гүлдер дүкенінің ашылуында көлік ойнатылмақ еді. Тегін дүниеге жиналған халықтың қарасы көбейіп, шара басталмай жатып, аяқталды. Арты тәртіпсіздікке ұласқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұтыс #блогер