08.02.2021, 16:00

Шақалақты пакетке орап, тастап кеткен көкек анаға сот үкімі шықты

Фото: ашық дереккөз
Сараптама қорытындысы бойынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған.

4 ақпанда Казталов аудандық №2 соты жаңа туған сәбиін полиэтилен пакетке орап, көшедегі дәретханаға тастаған студент қызға қатысты үкім шығарды. 19 жастағы тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жігітінің бала үшін жауапкершілік алудан бас тартқанын, жүкті екенін ата-анасына айтудан қорыққанын жеткізді.

Сот үкімімен Қазталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға сотталды.

Сараптама қорытындысы бойынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған.