$ 494.87  520.65  4.91

Алтай Көлгінов 10 ақпанда есеп беру кездесуін өткізеді

Коронавирус пандемиясына байланысты кездесу онлайн-форматта өтеді.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 10 ақпанда сағат 10.00-де есеп беру кездесуін өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Коронавирус пандемиясына байланысты кездесу онлайн-форматта өтеді. Тікелей эфир қала әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ, "Астана" телеарнасында және Tengrinews.kz порталында көрсетіледі.

Есепті кездесуге қатысып, әкімге сұрақ қойғысы келетіндер сайтта тіркеу сілтемесі бойынша өтіп, ары қарайғы нұсқаулықтарды орындауы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары