$ 494.87  520.65  4.91

Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер 9 ақпан күні еліміздің сегіз облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, кей өңірлерде қар, қар аралас жаңбыр жауатынын ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.Петропавл қаласында 9 ақпанда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. 09 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын болуы мүмкін. 09-11 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 09 ақпанда екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қаласында 9-11 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болуы мүмкін. 09 ақпанда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 18-23 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с сақталады. Көкшетау қаласында 9 ақпанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с сақталады.

Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23 м/с болуы ықтимал. Қарағанды қаласында 9 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 18 м/с дейін жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары