09.02.2021, 16:20

Дубайдан ұшып келген 4 жолаушыдан коронавирус расталды

Фото: ашық дереккөз
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

8 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь және Қырғызстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 252 жолаушы келді. Олардың ішінде 1060 адамда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 192 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы әуежайына – 5 рейс (800 жолаушы, анықтамамен - 626, анықтамасыз – 174); Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (310 жолаушы, анықтамамен - 295; анықтамасыз – 15); Ақтау әуежайына – 1 рейс (135 жолаушы, анықтамамен - 132; анықтамасыз – 3); Қарағанды әуежайына – 1 рейс (барлық 7 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 7 ақпанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан әуежайына Дубай қаласынан ұшып келген.

Тегтер: коронавирус