$ 494.87  520.65  4.91

Сара Назарбаева «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтын» ашады

Сара Назарбаева екі күннен соң 80 жасқа толады.
фото: almaty.tv
фото: almaty.tv

 Елімізде адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ашылады. Бұл Сара Назарбаеваның кезекті игі бастамасы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

 Ертең тұсауы кесілетін институтта еліміздегі бүкіл жастың тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетіледі. Бұл бүгін Сара Алпысқызының қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференцияда белгілі болды. Шараға қатысушылар әр жобаға тоқталып, жетістігін жіпке тізді.

 «Үміт үйлері тағдыр тәлкегіне тап болған жас аналарға теңдесіз қолдау болды. Жоба елімізде тастанды бала болмауын мақсат қылып қойды. Бұл үйлерде баланы уақытша қалдыруға болады. Әрі ана сәбиін қалаған кезде көре алады. Ал аяғынан тұрғанда оны алып кетеді. Елімізде осындай үйлер барын көпшілікке жеткізуіміз керек. Әрі бұл жоба тиісті бағасын алса екен», - деді мемлекет және қоғам қайраткері Зағипа Балиева.

 Әркез қайырымдық істердің басында тұрған Сара Назарбаева екі күннен соң 80 жасқа толады. Онлайн-конференцияға қатысушылар мерейтой иесінің еліміздегі педагогиканың дамуына қосқан үлесіне ерекше тоқталды. Тұңғыш президенттің жары «Өзін-өзі тану» балаларға рухани адамгершілік білім мен тәрбие беру идеясының авторы. 

Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қоры арқылы мыңдаған жетім мен мүгедекке көмектесті. Аналарды қолдауға да үлкен назар аударды. «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қорын құрып, жетімдердің асырап алған ата-аналарымен бірге тұруына жағдай жасағаны бәрінің есінде.

«Сара Алпысқызы «SOS балалар ауылдары» қорымен әрдайым байланыста. Бізге үнемі сыйлықтарын беріп жібереді. Ұл-қыздармен сөйлесіп тұрады. Былтыр карантин кезінде балаларды қажетті заттармен қамтыды. Соның арқасында дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары жеткілікті болды», - деді SOS Қазақстан балалар ауылдары» корпоративтік қорының директоры Гүлжан Асанова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары