$ 494.87  520.65  4.91

Президент Жансейіт Түймебаевты қызметінен босатты

Ол бірнеше жауапты қызметті атқарған.
фото: adyrna.kz
фото: adyrna.kz

Президент өкімімен Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жансейіт Түймебаев бұрын Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінде, Президенттің Протоколы қызметінде жауапты қызметтер атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары