$ 449.58  486.94  4.86

«Кімнен екені белгісіз»: Шымкентте мектеп оқушысы жүкті болып қалған (ВИДЕО)

16 жастағы қыздың кімнен және қашан жүкті болып қалғаны әзірге белгісіз.

Шымкентте мектеп оқушысының аяғы ауырлап қалды. Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы өкілдері растады деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Қаланың бас ұстазы Жанат Тәжиеваның ақпаратына сәйкес, бұл жағдай өткен жылдың қазан айында анықталған екен. Бұл уақытта оқушылар сабақты жаппай қашықтықтан оқып жүрген. Тоғызыншы сынып оқушысының білім алуға ынтасы төмендеп, көңіл-күйі түсіп жүргенін ұстаздары байқағаннан кейін қыз балаға психологиялық жұмыс жүргізілген екен. Нәтижесінде мектеп қызметкерлерінің күдіктері расталып, оқушының жүкті екендігі анықталыпты.

"Анықталғаннан кейін білім ұйымы арнайы ата-анасына хабарлап, ата-анасымен бірге дәрігерге апарып, бұл жағдайды анықтап отыр. Бүгінгі күні оқушы дәрігерлердің қадағалауында. Сонымен қатар бұл оқиғаның қалай орын алғанына қатысты құзырлы органдардың тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

16 жастағы қыздың кімнен және қашан жүкті болып қалғаны әзірге белгісіз. Оны тиісті орындар тергеу жүргізіп, анықтайтын болады. Жанат Тәжиева бұл іспен бүгінде полиция қызметкерлері айналысып жатқанын жеткізді. Ал аяғы ауыр оқушыға психологиялық көмек көрсетілуде.

Сондай-ақ, оқушының жағдайы ескеріле келе сабағын үйде оқыту құжаттары рәсімделген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары