$ 494.87  520.65  4.91

Volkswagen Қытайда ұшатын автомобильдердің жобасын әзірлеп жатыр (ВИДЕО)

Басылым мәліметінше, неміс компаниясының басшылығы "болашақ мобильдігі" стратегиясы аясында Қытайда ұшатын автомобильдерді шығару жұмысын талқылап жатыр.

Volkswagen ірі еуропалық автоөндірушісі Қытайда ұшатын автомобильдерді жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр, - деп хабарлайды Reuters.

Басылым мәліметінше, неміс компаниясының басшылығы "болашақ мобильдігі" стратегиясы аясында Қытайда ұшатын автомобильдерді шығару жұмысын талқылап жатыр.

"Біз бұл тәсілдің индустрияландыру мүмкіндігін анықтау үшін тұжырымдамалар мен серіктестерді техникалық-экономикалық негіздерге сәйкес зерттейміз", - деп хабарлады компания өкілдері.

Volkswagen компаниясының бас директоры Герберт Дисс пен компанияның Қытай бөлімшесі басшысы Стефан Вулленштейннің Linkedin-ге берген сұхбатында Қытайда лицензия алуға болатын, ұшатын көлік жасағысы келетінін айтты. Оның айтуынша, бұл Volkswagen үшін болашақ нарықтан орын алуға үлкен мүмкіндік.

Басылымның мәліметінше, Қытайдағы автомобиль нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан ең табысты сала. 2020 жылы елде 200 миллион көлік құралы тіркелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#автомобиль