Шымкентте 45 жастағы жергілікті тұрғын өзін өртеп жіберді деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Оқиға 8 тамыз күні сағат 13:30 шамасында орын алған.
Әйелдің өмірін аман алып қалуға сол саябақта жұмыс бабымен жүрген екі полицей көмектескен. Оларды оқиға орнына куәгерлер шақырыпты. Жергілікті полиция қызметінің сержанты мен кіші сержанты дереу отты өшіріп, денесін күйік шалған әйелді жедел жәрдем көлігіне салып жіберген. Артынша ол қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Кейінірек анықталғандай, өзіне қол салған әйел Шымкент қаласының 1971 жылы туған тұрғыны екен. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз болып отыр. Анығы, ол өзіне жұрттың назарын аударғысы келіп, адамдар көп жүретін жерде үстіне от қойған.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.