Жаңалықтар 12.02.2021 сағат 10:00

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ республиканың кей аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал солтүстігінде қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік және батысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Түркістан, Манғыстау, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар