$ 494.87  520.65  4.91

Түркіменбашы ұлын вице-премьер етіп тағайындады

Кездесуде түркімен лидері министрлер кабинетіне тағы бір орынбасар лауазымын енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердар Бердімұхамедовты вице-премьер, жоғары бақылау палатасының төрағасы етіп тағайындады және Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына енгізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа ел үкіметі мен мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің бірлескен отырысында қол қойды.

Кездесуде түркімен лидері министрлер кабинетіне тағы бір орынбасар лауазымын енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Оның айтуынша, үкімет төрағасының жаңа орынбасары жоғарғы бақылау палатасын басқарып, қауіпсіздік қеңесінің құрамына кіреді.

Бердімұхамедовтің сөзіне қарағанда, жаңа вице-премьердің міндеттері - цифрландыру және мемлекеттік пен қоғамдық құрылым жүйесіне, денсаулық сақтау, білім беру, қаржы және экономикаға инновациялық технологияларды енгізу.

"Сердар Бердімұхамедовті министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Түрікменстанның жоғарғы бақылау палатасының төрағасы, мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің мүшесі етіп тағайындаймын және оны индустрия және құрылыс өндірісі министрі қызметінен босатамын", - деді түрікмен басшысы.

Министр лауазымына бұрын осы ведомство басшысы орынбасары қызметін атқарған Баймырат Аннамаммедов тағайындалды.

Сердар Бердімұхамедов өнеркәсіп және құрылыс өндірісі министрі болып 2020 жылдың ақпан айында тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары