$ 494.87  520.65  4.91

Кентауда зауыт жұмысшылары Тоқаевқа үндеу жолдады

"Соңғы уақытта табысымыз тіпті төмендеп кетті", - дейді жұмысшылар.

Кентаудағы трансформатор зауытының жүзге тарта жұмысшысы ереуілге шықты. "Жалақыны көтерсін" деп талап қойғандар әлеуметтік желі арқылы президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ҚР Президенті! Түркістан облысы Кентау қаласында «Кентау трансформатор зауытының» жұмысшылары айлығын көтеріп беруді талап етеді. Талап етеміз! Талап етеміз!", - деді жұмысшылар.

Ауыр жұмысқа жегілгендер айына 60-130 мың теңге аралығында жалақы алады екен.

"Соңғы уақытта табысымыз тіпті төмендеп кетті", - дейді жұмысшылар.

Өйткені еңбек демалысы мен сырқаттанған жағдайда берілетін өтемақыны толық бермей, сенбі-жексенбі және мереке күндері де жұмысқа жегеді екен.

"Қысым жасайтын басшылардан әбден зәрезап болдық" дегендердің бүгін шыдамы таусылған. Сондықтан кәсіпорын ішінде ереуілдетіп, жұмысты тоқтатып тастаған. Осыдан кейін ғана қателігін түсінген зауыт басшылары наразы топпен келіссөзге келген. "Айлық көтеріледі"дегенді естіген жұмысшылар жұмысқа қайта кірісті.

"Талаптарын мойындаймын. Оны өзіміздің, өз қателігіміз деп түсінеміз. Айлықтарын кішкене көтереміз. 120 мың теңге болса, шамамен 150 теңгеге дейін көтереміз. Ереуілге шыққан кісілермен сөйлесіп, келісіп, сағатпен  тариф мөлшерін көтеріп, қазір орнына келтіріп береміз. Ешкімді қудаламаймыз. Ондай бізде ешқашан болған да емес", - деді Кентау трансформатор зауыты АҚ басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары