Жаңалықтар 12.02.2021 сағат 22:54

«Қазақстанға орыс тілінен бас тарту ақымақтық» - Ресей елшісі (ВИДЕО)

"Орыс тілі – кез келген Қазақстан азаматы үшін артықшылық, қосымша қабілет пен білім", - дейді ол.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан халқы – ТМД елдері арасында орыс тілін өте жетік меңгерген ел. Әрі мұндай қабілеттен айырылып қалмағаны абзал. Бұл - Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкиннің "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатындағы пікірі, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы paryz.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ұлттық тілдің абыройы мемлекекеттік деңгейде болғаны аса маңызды, әрине. Бірақ Қазақстанның Ата заңында қазақ тілімен бірге орыс тілі де ресми органдарда қатар қолданылады деп көрсетілген. Орыс тілі – кез келген Қазақстан азаматы үшін артықшылық, қосымша қабілет пен білім. Ал одан бас тарту ақымақтық болар еді. Оның үстіне, Еуразия интеграциясына орыс тілі өте қажет", - дейді Алексей Бородавкин.

Елшінің айтуынша, Қазақстан азаматтары орыс тілін жетік біледі. ТМД елдері арасында ең жетік білетін елдердің бірі.

"Бір жағынан, Қазақстанның орыс тілінен бас тартып, осындай артықшылықты жоғалтып алғаны дұрыс болмас. Керісінше, орыс тіліне көңіл бөлу арқылы білімін арттыруына болады. Өкінішке қарай, бұрынғы Кеңес елдеріндегі орыс тілінің қазіргі жағдайы мүшкіл халде. Ресейде де, Қазақстанда да орыс тілін білушілер азайып барады. Жағдайды жөндеу үшін бәрін жасаудамыз. Арнайы мұғалімдер мен оқу-әдістемелік құралдарын дайындап жатырмыз. Қазақстанда орыс тілінде сабақ беретін Ресей физика-математикалық мектебін ашу мәселесі пысықталуда. Оны бітіріп шыққан түлектер Ресейдің жоғары оқу орындарына түсе алады", - дейді елші.

Оның айтуынша, Ресейде 74 мың қазақстандық студент білім алып жатыр екен.

"Егер Қазақстан жастары орыс тілін білмесе, Ресейге оқуға түсе алмас еді ғой. Менің ойымша, Қазақстан сол үшін де орыс тілінен бас тартпайды", - дейді Алексей Бородавкин.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар