Шымкентте «Ордабасы» индустриалды аймағындағы бес қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлап, ішінде жүрген үш адамды басып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қапал батыр тас жолында орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағында жалпы ауданы 2000 шаршы метрді құрайтын ғимарат қараусыз қалған. Бес қабатты зауытта темір-бетон плиталарының жабындысы құлаған. Үйінділердің астынан 1967 ж.т., 1992 ж. т. және 1999 ж. т. 3 ер адамның денесі табылған», - деп жазылған хабарламада.
Құзырлы органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.