Қасым-Жомарт Кемелұлының 1979 жылы сенбілікте түскен суреті жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Суретті ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын» делінген сурет астына жазылған мәтінде.