14.02.2021, 12:48

АҚШ-та вакцина салдырған 4 адамнан коронавирус расталды

Фото: rg.ru
Вирус жұқтырған төртеудің ауруы симптомсыз өткен.

АҚШ-тың Орегон штатында екі доза вакцина алған кем дегенде төрт адам коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы Американың NBC медиа-компаниясы хабарлаған.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, адамдарда SARS-CoV-2-ге оң тест вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 14 күннен кейін анықталған.

Вирус жұқтырған төртеудің ауруы симптомсыз өткен.

Ал Францияның «Sanofi» фармацевтикалық концернінің жетекшісі американдық Translate Bio компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 қарсы вакцина биыл нарыққа шығарылмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін «Sanofi» вакцина 2021 жылдың екінші жартысында қолдануға рұқсат алады деп жоспарланған. Оксфорд университеті 6 мен 17 жас аралығындағы балаларға «AstraZeneca» вакцинасын сынақтан өткізетінін хабарлады.

Алдыңғы сынақтар оның ересектерге қауіпсіз екендігін көрсетті. Зерттеуге 300 астам ерікті қатысады, олардың 240-ы вакцина алады.

Алғашқы екпелер ақпан айында жасалады деп жоспарлануда.