Семейдің сауналарының бірінде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрларда полиция бөлімінің жеке құрамы түсірілген, деп хабарлайды stan.kz.
Ақпаратқа құқық қорғау органдарында түсініктеме берілді.Суреттер әйгілі блогер Руслан Лазутаның Instagram парақшасында пайда болды.
Пост авторының айтуынша, суретте Семей қалалық Орталық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) басшысы, полиция майоры Сұңғатов Ришат өзінің қарамағындағылармен - учаскелік инспекторлармен бірге түскен.
Лазута фотосуреттер осы жылдың қаңтар айында карантинге және қоғамдық іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан «жаңа бастықтың лауазымын атап өтуге» саунада түсірілген деп жазады.
Басылымға ШҚО полиция департаментінде Zakon.kz басылымына түсініктеме берілді.
«Шынында да, әлеуметтік желілерде таратылған фотосуреттер, Семей полици басқармасының қызметкерлері бар. Осы факті бойынша, ШҚО ДП ішкі қауіпсіздік басқармасы ресми тексеруді бастады», - деп хабарлады қорғау органдары.
Бұған дейін Атырау облысында полицейлердің есірткімен ұсталғаны туралы хабарланды. Қылмыстық іс қозғалды.