$ 494.87  520.65  4.91

181 рет ереже бұзған «Жигули» жүргізушісінің айыппұлы көлігінің құнынан асып кеткен (ВИДЕО)

Бірақ барлығын кім жасағаны қазіргі таңда белгісіз.

Қызылордада айыппұлы, көлігінің құнынан бірнеше есеге асып түскен автокөлік анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы "Астана телеарнасына" сілтеме жасап.

Мұндай жағдай аймақта алғаш рет тіркеліп тұр.

"Ваз" маркалы автокөліктің айып алаңына қамалғанына төрт күн болған. Оның иесі сегіз айда 181 рет жылдамдық асырыпты.

Қазіргі таңда полицияға миллиондарды арқалаған жүргізушіні анықтау қиынға соғуда. Себебі шетелдік көліктің ешбір құжаты жоқ.

"Ресей Федерациясында тіркелген "ВАЗ 2107" автокөлігі "Арқан" жылдамдық өлшеуіш құралына 181 мәрте әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. 181 мәрте түсіп 3 млн 591 мың 265 теңгеге айыппұл салынған. Бірақ барлығын кім жасағаны қазіргі таңда белгісіз", - дейді Қызылорда облыстық Әкімшілік практика бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айбек Жүнісқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары