17.02.2021, 13:00

Президент Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Көңіл айту жеделхаты мәтінін Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Мемлекет басшысы белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың танымал журналист, қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен жақын туыстарына жолдаған көңіл айту жеделхаты мәтінін Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Нұртілеу Иманғалиұлы телевизия саласында өзінің қолтаңбасын қалдырды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани-мәдени байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазылған жеделхатта.