$ 494.87  520.65  4.91

«Университеттің жері жекеменшікке берілмейді» - Сағынтаев

Қазір университеттің жаңа ректоры тағайындалды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жер телімін жекеменшікке беру туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, деп жазады nege.kz.

"Университеттің жері жекеменшікке берілмейді. Егер университет жер учаскесін біреуге бергісі келсе, онда олар алдымен әкімдікке жүгініп, "бұл аумақ бізге қажет емес, баланстан шығарып тастаңыз" деген ұсыныс беруі керек. Қазір университеттің жаңа ректоры тағайындалды. Біз ол кісімен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Ол: "Университетті дамыту керек, жерді беруге болмайды, бұл дұрыс емес", - деді. 

Сондықтан бүгін жерді жекеге беру туралы әңгіме қозғалып жатқан жоқ. Ондай мәселе жоқ, - деді Алматы әкімі қала тұрғындарымен болған есептік кездесуде.

Осы жылдың қаңтарында Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға тиесілі жер учаскесі жеке тұлғаға берілгені туралы ақпарат пайда болды. Университет бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары