$ 494.87  520.65  4.91

6 компанияға зейнетақы қорын басқаруға рұқсат берілуі мүмкін

Автобизнес қауымдастығы Зейнетақы қорындағы ақшаны көлік сатып алу үшін берілуін сұрап отыр.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шеңберінде қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқаруға 6 компанияға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, жалпы бұл бағытта 18 компания қарастырылған. Олардың тек алтауы белгіленген талаптарға сәйкес келген, деп хабарлайды

Қаулы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетінін болады. Бұған дейін бұл құқықты зейнеттік жасқа жетпеген, ең төменгі жеткілікті шегінен асатын зейнетақы жинақтары бар, сондай-ақ сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитетінің шартын жасасқан адамдар пайдалана алатыны айтылған болатын.  

Автобизнес қауымдастығы Зейнетақы қорындағы ақшаны көлік сатып алу үшін берілуін сұрап отыр. Бұл туралы «Астана Моторс» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. Олигархтың сөзінше қауымдастық қазір индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осындай өтініш жасаған. Ал аталған министрлік өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігіне осындай сұрау салған. Айта кету керек қазір бұл ұсыныс жауапты министрліктердің қарауында.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары