$ 449.58  486.94  4.86

Испанияда тұтқындалған рэп орындаушысының жақтастары көтеріліске шықты (ВИДЕО)

Барселона мен Леридада сегіз адам жарақат алды.
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Испанияның бірқатар қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде ондаған адам ұсталды. Наразылық акциялары монархияны қорлағаны және солшыл радикал терроризмді дәріптегені үшін тоғыз айға бас бостандығынан айырылған рэп орындаушы Пабло Асельді қорғауға арналған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Каталонияда бірқатар қалада, соның ішінде Барселонада тәртіпсіздіктер болды, 29 адам ұсталды.

País газетінің хабарына қарағанда, Мадридте 14 адам ұсталды, кем дегенде бес полиция қызметкері жарақат алды. Испания астанасында наразылық білдірушілер арасында да зардап шеккендер бар.

Барселона мен Леридада сегіз адам жарақат алды. Жарақаттары негізінен жеңіл, бірақ екі адам ауруханаларға түсті.

Наразылық акциясы осы жолы да тәртіпсіздікке ұласты. Ондаған адам зардап шекті, 18 адам ұсталды. Барселона, Жирона, Льей, Вик және Реусте радикалдар контейнерлерді, мопедтерді аударып, өртеп жіберді, полицейлерге түрлі заттар лақтырып, витриналарды сындырды.

2015 жылы рэп орындаушы Асель солшыл радикал терроризмді дәріптегені үшін екі жылға шартты түрде сотталған болатын, бірақ 2018 жылы оған жаңа үкім шығарылды. Сот оның Twitter-дегі 64 жазбасында және YouTube-тегі бір видеода терроризмді дәріптейтін және монархия мен мемлекеттік институттарға жала жабатын мәлімдемелерге жол берілген деп санаған. 

Рэп орындаушы тоғыз айға бас бостандығынан айырылды, бірақ сот ісі бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде ол өткен жұмада, 12 ақпанда түрмеге өз еркімен баруы керек еді, бірақ ол бас тартып, дүйсенбіде 50-ге жуық жақтасымен Льей университетінде баррикадаланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары