Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты алты бағыт бойынша қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметіне.
"2021 жылдың 18 ақпанында сағат 15.40-та Ақмола облысында ауа райы нашарлауына (қар, бұрқасын) байланысты көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада.
Шектеу енгізілген бағыттар:
Нұр-Сұлтан-Петропавл - 231-ден 341-ші шақырымға дейін, Щучинск учаскесі - СҚО шекарасында; Мамлютка-Қостанай - 0-240 шақырымға дейін, Макинск - Торғай учаскесі; Көкшетау-Омбы - 2-ден 50 шақырмға дейін, Көкшетау мен СҚО шекарасы учаскесі; Көкшетау-Рузаевка - 61 шақырмға дейін, Көкшетау - СҚО учаскесі; Көкшетау айналма жолы - 0-ден 18 шақырмға дейін; Щучинск-Зеренді - 0-ден 80-ші шақырмға дейін, Щучинск - Зеренді учаскесі.