$ 443.85  474.3  4.8

Жамбыл облысында пәтерден өрт шығып бір үйдің бес баласы ажал құшты (ФОТО)

Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туылған кәмелетке толмаған бес бала болды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан (үй заттары мен жиһаздардың жануы).

Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туылған кәмелетке толмаған бес бала болды, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, отбасының әкесі жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Өрт салдарынан барлық кәмелетке толмаған балалар улы газдан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, алайда біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен отбасына жергілікті атқарушы органдардың жан-жақты көмегі, оның ішінде психологтардың көмегі және жерлеуді ұйымдастыру көрсетілетіні айтылады.

"Жамбыл облысы ТЖД жедел тобы, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары Жаңатасқа шықты.

Сонымен қатар, оқиға орнына облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 бірлік техника жұмыс істеді. Өрт толықтай сөндірілді. Улы газбен улану жағдайлары оның жану өнімдерінде газдың толық жанбауы кезінде пайда болады, онда адам ағзасына улы әсер ететін улы газ пайда болады!", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары