$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 18 м/с-ға жетеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.

20 ақпанда Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 18 м/с-ға жетеді.

Ақтөбеде 20 ақпанда күндіз жел соғады, екпіні 15 м/с-ке жетеді.Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман болады.Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м /с болады.Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

20 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады.Оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Петропавлда 20 ақпанда түстен кейін бұрқасын болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын болжауына байланысты 2021 жылдың 19-20 ақпан аралығында өзендерде су деңгейінің көтеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары