$ 494.87  520.65  4.91

«Жеке бақылауымда»: Сапарбаев Жаңатастағы өрт оқиғасы туралы жазба жариялады

Сапарбаев мәселені жеке бақылауына алғандығын және оқиғаның мән-жайы зерделенуде екендігін мәлім етті.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданы Жаңатас қаласында бес баланың өліміне себеп болған өрт оқиғасы туралы жазды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қайғылы оқиға жөнінде аймақ басшысы Instagram және Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазба жаиялады. 

Жазбада облыс әкімі ауыр жағдайға қабырғасының қайысқандығын, марқұмдардың жақындарына көңіл айтатындығын жеткізген. 

Сондай-ақ, Б. Сапарбаев мәселені жеке бақылауына алғандығын және оқиғаның мән-жайы зерделенуде екендігін мәлім етті. 

«Бүгін бүкіл елді есеңгіреткен қайғылы оқиға болды. Жаңатастағы үйлердің бірінен өрт шығып, бес бірдей бейкүнә бала ажал құшты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбектің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнына облыс прокуроры Н.Әбдіров, Полиция департаментінің басшысы Ж. Сүлейменов, ТЖД басшысы Е. Момбаев аттанды. Қара жамылған отбасыға қажетті психологиялық, материалдық көмек көрсетілуде. Мәселе менің жеке бақылауымда. Көз жұмған балалардың жақындарына Алла Тағала сабыр берсін. Қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын!»,-делінген әкімнің жазбасында. 

Осыған дейін Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдегі өрттен 5 баланың қаза болғаны жазылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары