Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылып, одан шыққан бу жолды жауып тастады, деп хабарлады BAQ.kz
20 ақпан күні сағат 10:45-те Қосшығұлұлы көшесі ауданында диаметрі 500 мм жылу трассасы жарылды. Осы учаскені тексеру кезінде ТМ-43-те тесілген жер анықталды. Көлік қозғалысында өзгерістер жоқ, - деп хабарлады «Астана-Теплотранзит» АҚ баспасөз қызметі. Қазір тесілген жерді жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Коммуналдық апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, жылу трассасының бұзылуы туралы әлеуметтік желіде видеолар тараған еді.