$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елімізде алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

21 ақпанда Қостанай> облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін.

21-23 ақпанда Жамбыл> облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Тараз қаласында 21-23 ақпанда тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз 23 ақпанда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 ақпанда Ақмола> облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

21 ақпанда Түркістан> облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Шымкентте 21 ақпанда тұман түседі.

Түркістан қаласында 21 ақпанда тұман түсуі мүмкін.

21 ақпанда Қарағанды> облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

21 акпанда түнде Солтүстік Қазақстан> облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы