Кездейсоқтық па, әлде атқамінерлердің өз ойлағандары бар ма, кім білген, әйтеуір әкім біткен "қызу" жұмыс істеп жатқанда әлдеқандай заттар "құлап", жұртты өзіне "қарата" бастады, деп жазды paryz.kz.
Мәселен, кеше Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есеп беру кездесуінде Елтаңба құлаған еді.
Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қайнар ауылы ауруханасын тексеру барысында дәрі салынған шкафтың есігі құлап қалды...