20.02.2021, 23:34

Батыс Қазақстанда 11 жастағы бала асылып қалды

Фото: ашық дереккөзі
Ол – отбасындағы үш баланың үлкені.

БҚО-да 11 жастағы бала асылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Дариян ауылында болды. 2009 жылғы ұл бала өз үйінде асылып қалған. Ол – отбасындағы үш баланың үлкені. Оның бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.