$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда сүйіктілеріне әтір ұрлаған жігіт ВИДЕОға түсіп қалды

Полициядағылар ұрлықтан кейін ер адам мен оның серігі сауда орталығынан кетіп қалғанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда ер адам сауда орталығының сөресінен "сүйікті әйелдеріне" сыйлау үшін бірден бірнеше әтірді ұрлаған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрдан сөренің алдында ерлі-зайыптының әтір таңдағанын және кейін ер адам оларды күртешесіне тыққанын көруге болады. Басқа сөренің алдына барып, тура солай жасайды.

Полициядағылар ұрлықтан кейін ер адам мен оның серігі сауда орталығынан кетіп қалғанын айтты. Бірақ павлодарлық ұрлаған әтірлерді сыйлап үлгермепті. Дүкен өкілінің мәлімдемесінен кейін жедел уәкілдер күдіктіні іздестірді.

"Облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол барлық әтірді сүйікті әйелдеріне бергісі келетінін түсіндірді", - деді Павлодар қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Жеңіс Жансеркенов.

Полицияның мәліметінше, ер адамның серігі сүйіктісінің мұндай әрекетіне қарсы болмаған. Күдікті жалпы сомасы 100 мың теңге болатын 4 әтірді ұрлаған.

"Ұрлық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полициядағылар.

Баптың санкциялары мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сегіз жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды, я болмаса үш жылға дейін бас бостандығын шектеуді не айыруды көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары