Bisen лақап атымен танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханды өлтірген азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлады paryz.kz.
Күдікті ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлімі бойынша 11 жыл 3 айға сотталды. Сонымен қатар ол марқұмның отбасына моральдық зиян үшін 10 миллион теңге өтеуге міндетті.
Еске сала кетсек, Сәбит Сыраханды өлтіргені үшін 1991 жылы туған Дүйсенғалив есімді азамат 19 қазанда ұсталған еді. Алдымен олар аулада жанжалдасқан, содан кейін төбелес басталған. Соның салдарынан олардың бірі жерге құлап, екіншісі қылмыс орнынан қашып кеткен.
Күдікті кінәсін толық мойындады. Белгілі болғандай, дизайнер күдіктінің қарындасынның жігіті болған.