Белгілі саясаткер Әміржан Қосанов келесі Президент сайлауына түсе ме? Бұл сұраққа қоғам қайраткері өз жауабын берді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарттық порталы, oinet.kz-ке сілтеме жасап.
"Құдайды күлдіргің келсе, оған ертеңгі жоспарыңды айт!" деген әзіл-шыны аралас бір нақыл сөз бар. Мен де Құдекеңді күлдірмей-ақ қояйын. Осыдан 23 жыл бұрын және өткен президент сайлауы алдында айтқан бір сөзімді қайталайын: "Кезекті президент сайлауы боп жатса, өзін ағымдағы билікке қарсы деп санайтын барша ұйым мен тұлғалар жиналып, өз арасынан бір кандидат ұсынуы шарт! Әйтпесе, "бас-басына би болып", билік кандидатына қарсы лайықты тойтарыс бере алмайды! Осы ұстанымнан әлі де айныған жоқпын!" - деді ол.