$ 444.32  473.33  4.76

15 жыл көпшілік алдына шықпаған Саддам Хусейннің қызы сұхбат берді (ВИДЕО)

Тележүргізушінің "Ол алдағы таңда елдің саяси өміріне араласуы мүмкін бе?" деген сұрағына Рагад "Бәрі де мүмкін" деп жауап берді.

Ирактың бұрынғы басшысы Саддам Хусейннің қызы "Аль-Арабия" Сауд арнасына экслюзив сұхбат берді. Бұл туралы NoonPost мысырлық басылымы жазды, - деп хабарлайды ИноСМИ.

Рагад Саддам Хусейн 15 жылдай жұрт алдына шықпаған, бұқаралық ақпарат құралында да, араб арналарында да көп көрінбеген. Сондықтан оның аяқ асты шығуы сарапшылар арасында қызу талқыға түскен.  

Басылым мәліметінше, Рагад ешқашан саяси тұлға болмаған, алайда ақпараттық алаңға шыққан сайын елеулі саяси қарама-қайшылық себебі болған. Оған Рагадтың бұрынғы Ирак президентінің қызы болуы ғана емес, сонымен қатар, оның ел көшбасшысының жақтастары арасында танымалдығы да себеп болған. 

Сауд арнасына берген сұхбатында ол әкесі туралы, балалық шағы мен Хусейн Камелмен бірге тұрған кездегі естелігі мен оның өлім себебі, Ирактың Кувейтке басып кіруі, сондай-ақ, елдегі бүгінгі жағдайға көзқарасы мен оның аумағында қақтығысты қоздырудағы Иранның ролі туралы ойын бөлісті.

Саддам Хусейннің кезінде Иракты салыстыра отырып, Рагад "бұрын халық құрметке ие болғанын және оларды ешкім ренжіте алмағанын" айтады. 

"Адамдар олардың балалары қауіпсіз жерде тұрып жатыр деген сеніммен өмір сүрді", - дейді Рагад. 

Сол кезде тележүргізуші Саддам Хусейн билік еткен кезеңде еркіндік болмағанын еске салды.

"Ал еркіндік деген не? Егер бұл диктатураны жою және демократияны құру ұранымен жаулап алу болса, онда ирактықтарға мұндай еркіндік қажет емес", - деді ол. 

Әңгіме Саддам Хусейннің айналасындағы адамдарға деген қатігездігі туралы болған кезде Рагад әкесі туралы естелігін бөлісті:

"Балаларымен бірге балық аулауға, жүзуге, атқа мінуге баратын, ал үйге келген кезде оларды құшақтап, сүйіп алатын", - дейді ол. 

Сонымен қатар, Рагад Саддам Хусейн күйеуінің өліміне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, бұл рулық акт болған және күйеуі оның көз алдында өлтірілген. 

Тележүргізушінің "Ол алдағы таңда елдің саяси өміріне араласуы мүмкін бе?" деген сұрағына Рагад "Бәрі де мүмкін" деп жауап берді.   

Өз кезегінде, басылым неліктен Сауд Арабия телеарнасы Ирактың бұрынғы президентіне қатысты редакциялық саясатын өзгерткенін түсінбеген. Себебі арна Саддам Хусейнге және оның режиміне қарсы тұрған. 

Мақала авторы бұған қатысты өз ойын білдірген. Оның сөзінше, Рагад Саддам Хусейн де сұхбат алу үшін бекер таңдалмаған көрінеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары