$ 446.49  475.38  4.79

Ғаламторда Марсқа қонған роботтың ВИДЕОсы жарияланды

Роботтың қону сәтін видео арқылы бақылау – миссияға жауап беретін инженерлер үшін суретті көріп қана қоймай, болашақта басқа да роверлердің қону технологиясын жақсарту үшін маңызды.

Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (НАСА) марсоходтың Қызыл ғаламшар бетіне қонған әсерлі видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Perseverance (Персеверанс) ровері тросс арқылы екі метр биіктіктен ғарыш платформасын түсірген, оған видео және фото құрылғылар ілінген: қону сәтін түсіру үшін 7 камера орнатылған.

Ровер қона салысымен Жерге Марстың бетінен суреттер мен басқа да мәліметтерді жібере бастаған болатын. Perseverance ровері Джезеро кратеріндегі ежелгі өзеннің арнасынан екі шақырым бірнеше күн бұрын қонса да, «ауыр» бейнефайлдар енді ғана алынуда.

Роботтың қону сәтін видео арқылы бақылау – миссияға жауап беретін инженерлер үшін суретті көріп қана қоймай, болашақта басқа да роверлердің қону технологиясын жақсарту үшін маңызды.

Еске сала кетсек, бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті –тіршілік белгісін іздеу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары